Лисаковта 8 метр биіктен құлаған жұмысшы қаза тапты
Марқұмның артында әйелі мен жас баласы қалды
Қостанай облысында 27 жастағы жігіт жедел жәрдем көлігінде ес жимастан көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қайғылы оқиға «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-на еншілес «Өркен» серіктестігінде болған.
Дүйсенбі күні сағат 18:25-те «Millenium BST Group» мердігерлік серіктестігінде жұмыс істейтін Лисаков қаласының 27 жастағы тұрғыны – ГМО дақылдарын өндіретін фабрика жұмысшысы жұмыс барысында 8 метр биіктен құлап, металл үйіндісінің үстіне түскен.
Кезекші диспетчер бірден жедел жәрдем шақырған.
«Алайда сағат 19:40-та жұмысшы жедел жәрдем көлігінде ес жимаған күйі көз жұмды», - деп хабарлады қалалық аурухана өкілдері.
Аталмыш кәсіпорында 8 ай ғана жұмыс істеген марқұмның артында әйелі мен жас баласы қалды.
Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаға қаысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр.