06.02.2021, 23:58
Оқиғалар
Өскеменде қайырымдылық жәшігінен ақша ұрлаған екі адам ұсталды
Шығын 20 000 теңгені құрады
Фото: ашық дереккөзден
Өскемен қаласында қайырымдылық жәшігінен ақша ұрлаған екі адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«102» жедел арнасына 57 жастағы қала тұрғыны хабарласқан. Оның айтуынша, белгісіз біреулер сауда-ойын сауық орталығының күзетшісіне өздерінің қайырымдылық қоғамында жұмыс істейтіндіктерін алға тартып, қайырымдылық жәшігіндегі барлық ақшаны алып кеткен. Шығын 20 000 теңгені құрады», - деп жазылған хабарламада.
Жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері 22 және 23 жастағы екі жігітті қолға түсірді. Олардың бірі осыған дейін сотты болған. Күдіктілер өз кінәларын толықтай мойындады.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды