Соның ішінде 17 бала қауіпсіз жерге шығарылды
Оралда тоғыз қабатты жатақханада өрт шығып, 73 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Барлау барысында бірінші қабаттағы қосалқы үй-жайда жеке заттардың жанып жатқаны анықталды. Жатақханадан 73 адам, соның ішінде 17 бала қауіпсіз жерге шығарылды», - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі кезде өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын анықталу үстінде.