$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.02.2021, 14:21
Оқиғалар

Жамбыл облысында 120 жасөспірім полицияға жеткізілді

Олардың арасында 8-11 сынып оқушылары және колледждердің 1-курс студенттері болды

 

Жамбыл облысында 120 жасөспірім полицияға жеткізілді
Фото: ашық дереккөзден

Жамбыл облысында түнгі рейд барысында ішкі істер органдарына 120 жасөспірім жеткізілді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәртіп сақшылары түнгі көңіл көтеру мекемелері бойынша жасөспірімдерді іздестіруге қатысты кезекті рейдтік іс-шаралар жүргізді. Бірнеше күн ішінде полицейлер көшеде және ойын-сауық орындарында болған 120 кәмелетке толмаған жасөспірімді анықтады.

«Екі жасөспірім мас болып, төрт жасөспірім кафеде және 116-сы заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болған. Кәмелетке толмағандар арасында қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 8-11 сынып оқушылары және колледждердің 1-курс студенттері болды. Олардың әрқайсын ата-аналарына тапсырып, профилактикалық әңгіме жүргізілді, ал бірнешеуіне қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамалар толтырылды», – деп хабарлады Жамбыл облысы ПД бастығының баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.

Кәмелетке толмағандардың бес заңды өкіліне қатысты ата-аналық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік хаттамалар жасалды. Қылмыс жасағаны үшін екі жасөспірім есепке алынды. Сондай-ақ, үш бала тұратын екі қолайсыз отбасы анықталды.

Айта кетерлігі, полиция қызметкерлері Тараз қаласы мен облыс аудандарының 83-тен астам ойын-сауық орындарын тексерді, 255 ата-ана мен өзге де ересек адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жамбыл облысының Полиция департаменті ата-аналарға кәмелетке толмаған балаларына қатысты қырағылық танытуды және олардың бос уақытын дұрыс пайдалануына бақылау жасау қажеттігін ескертеді.
 

 
Серіктес жаңалықтары