$ 495.28  518.41  5.44
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.02.2021, 14:38
Оқиғалар

Талғар ауданы әкімінің қамауға алынғаны расталды

Серікжан Ерекешев 2020 жылдың тамызында аудан басшысы болып тағайындалды

Талғар ауданы әкімінің қамауға алынғаны расталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі Алматы облысы Талғар ауданының әкімі Серікжан Ерекешевтің қамауға алынғанын растады.

«Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Талғар ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Талғар ауданының әкіміне қатысты тергеу соты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», - делінген агенттік ақпаратында.

Өзге ақпарат қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.

Еске сала кетейік, соңғы бірнеше күн ішінде Талғар ауданы әкімі мен оның қарамағында істейтін бірқатар шенеуніктің жемқорлық қылмысымен ұсталғаны жөнінде ақпарат тарады.

Серіктес жаңалықтары