БҚО-да «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 540 млн теңге жымқырылған

Автор: Azattyq Rýhy

Тергеу мүддесіне қатысты әзірге басқа ақпарат жария етілмейді

Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев

Қаржылық мониторинг агенттігі Батыс Қазақстан облысында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында бөлінген 540 миллион теңгеге жуық бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады.

Ведомство бұл қаражаттың «БҚО Орал қаласындағы тұрғын аймағының ЕЖЖ электр энергиясымен қамтамасыз ету» нысанын салуға арналғандығын анықтады.

Өткен жылы Қаржылық мониторинг агенттігі бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша 300-ден астам қылмыстық істі қозғады.