Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ
31 қаңтар сағат 21:03-те Павлодар қаласындағы «Сарыарқа» қонақ үйінен өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына облыстық ТЖД өкілдері (жеке құрамнан 40 адам, 10 техника) мен арнайы техника жіберілген. ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 11 қабатты қонақ үйдің бірінші қабатында 10 шаршы метр алаңда қоқыс өртенген.
Сағат 21:23-те өрт сөндіріліп, 186 адам (7 бала) эвакуацияланған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт сағат 21:33-те толығымен сөндірілді.