Өрттен ешкім зардап шеккен жоқ
Елордада қоймадан шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қалалық ТЖД-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қойманың шатырында электр кабельдері мен шатырдың жылу сақтағыш материалы жанып кеткен. Бұл нысан екі бөліктен тұрады, біріншісі электровоз жабдықтарын жөндейтін өндіріс шеберханасы, екінші бөлігі - электр кабельдерін, қозғалтқыштарды және электр техникасын сақтауға арналған қойма», - делінген хабарламада.
Өрттен ешкім зардап шеккен жоқ. Қоймадағы өртті сөндіруге жеке құрамнан 62 адам және 14 техника жұмылдырылды.