Қызылордалық тұрғын интернет арқылы көршісін тонаған

Автор: Azattyq Rýhy

Жас жігіт зейнеткердің қомақты қаражатын өз есепшотына аударып алған

 

Қызылордалық қаскүнем зейнеткердің аңғалдығын пайдаланып, интернет-банкинг арқылы оның ақшасын өз шотына аударып алған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасына 65 жастағы қала тұрғыны арызданды.

Зейнеткер өз арызында 27 жастағы көршісінің оның аңғалдығын пайдаланып, интернет-банкинг арқылы 304 000 теңге қаражатын өз есепшотына аударып алғанын көрсеткен.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Қызылорда қаласының Полиция басқармасы қала тұрғындарынан қырағы және сақ болуды сұрайды.