Қазіргі таңда тиісті сараптамалар тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы тасжол бойында болған жол-көлік апаты салдарынан 8 жасар бала қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 26 қаңтар күні сағат 11.30 шамасында болған.
«Howo маркалы жүк көлігі абайсызда басып кеткен 8 жасар жеткіншек оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі таңда тиісті сараптамалар тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында қайғылы жол-көлік апатына себепші болған жағдайлар нақтыланатын болады», - делінген ведомство хабарламасында.
Облыстық ПД қызметкерлері өз кезегінде, қайтыс болған баланың жақындары мен туған-туыстарына қайғыра көңіл айтады.