Коронавирус пневмониясынан тағы екі адам көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

1 тамыздан бері пневмониядан 547 адам қайтыс болды

Фото: ашық дереккөзден

Елімізде тағы адам коронавирус пневмониясынан көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

«2021 жылғы 19 қаңтарда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 131 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 120 адам емделіп шықты», - делінген хабарламада.

1 тамыздан барлығы: 47 115 адам ауырды, 547 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандар саны 34 925-ке жетті