Аягөз қаласында үйдің мұржасы тазаланбағаннан екі адам қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Екі бала ауруханада жатыр

фото: ТЖМ баспасөз қызметі

19 қаңтар күні сағат 09:30-да Аягөз қаласының Серғазин көшесіндегі жеке тұрғын үйде туысқаны үй иесінің 32 жастағы әйелін, сондай-ақ 12 және 7 жастағы екі ұлы мен 6 жастағы қызын тауып алды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.

Әйел адам оқиға орнында көз жұмды, үш бала ауруханаға жатқызылды. Біраз уақыттан кейін 12 жастағы ұлы ауруханада қайтыс болды. Қазір екі бала ауруханада жатыр.

«Оқиға орнында өрт сөндіру зертханасының мамандары жұмыс істеп жатыр. Жазатайым оқиғаның болжамды себебі пештің тазаланбаған мұржасынан шыққан газдан уланған болуы ықтимал», - деді Талғат Уәли.

Құтқарушылар улы газды сезу өте қиын екенін атап өтті, өйткені оның түсі де, иісі де жоқ.