19.01.2021, 12:08
Оқиғалар
Аягөз қаласында үйдің мұржасы тазаланбағаннан екі адам қайтыс болды
Екі бала ауруханада жатыр
фото: ТЖМ баспасөз қызметі
19 қаңтар күні сағат 09:30-да Аягөз қаласының Серғазин көшесіндегі жеке тұрғын үйде туысқаны үй иесінің 32 жастағы әйелін, сондай-ақ 12 және 7 жастағы екі ұлы мен 6 жастағы қызын тауып алды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.
Әйел адам оқиға орнында көз жұмды, үш бала ауруханаға жатқызылды. Біраз уақыттан кейін 12 жастағы ұлы ауруханада қайтыс болды. Қазір екі бала ауруханада жатыр.
«Оқиға орнында өрт сөндіру зертханасының мамандары жұмыс істеп жатыр. Жазатайым оқиғаның болжамды себебі пештің тазаланбаған мұржасынан шыққан газдан уланған болуы ықтимал», - деді Талғат Уәли.
Құтқарушылар улы газды сезу өте қиын екенін атап өтті, өйткені оның түсі де, иісі де жоқ.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды