Қостанайда жанар-жағармайды заңсыз тасымалдаған тұрғын бір жарым жылға сотталды

Автор: Azattyq Rýhy

Тәркіленген 23 тонна дизель отыны мемлекет кірісіне алынды

Қаржы мониторингі комитетінің Қостанай облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері облыс аумағында тиісті ілеспе құжатсыз жалпы көлемі 23 мың литр болатын жанар-жағармайды заңсыз сатып алу және тасымалдаудың жолын кесті.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 197-бабының 3-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мамандардың қорытындысына сәйкес, шығын 4,3 млн теңгені құрады.

Қостанай қаласы №2 сотының үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, оған 1 жыл 6 ай бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.