Ақтөбе облысында жоғалып кеткен 25 жастағы жігіт табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол мал түгендеуге шығып кетіп, қыстаққа жете алмай қалған

 

Ақтөбе облысы Ойыл ауданында қиын жағдайға тап болған 25 жастағы жігітті құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Амангелді совхозының тұрғыны таңғы уақытта 9 шақырым жерде орналасқан Қарасай қыстағына мал түгендеу үшін шыққан.

Кейін белгілі болғандай, жас жігіт қыстауға жетпей жоғалып кеткен.

«Жедел тұрде бірнеше іздестіру тобы құрылды. Полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, түске қарай жоғалған жігіт табылып, отбасына аман-есен жеткізілді», - делінген хабарламада.

Жоғалған адамның әкесі полиция қызметкерлеріне ұлын табуға көмектескені үшін алғыс айтып, оларға батасын берді.