Қызылорда – Құмкөл автожолында болған апаттан 5 адам қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Өзге бес жолаушыға медициналық көмек көрсетілді

Қызылорда-Құмкөл автожолында болған жол-көлік оқиғасынан бес адам көз жұмды, деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 13 қаңтарында сағат 14:20 шамасында Қызылорда – Құмкөл автожолының 69 км-де «Мерседес Бенц Спринтер» және «Тойота Хайлюкс» автокөліктері​ соқтығысқан.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі автокөліктің жүргізушілері және бір жолаушы оқиға орнында, екі жолаушы медициналық мекемеде қайтыс болды.

Сонымен қатар, қалған бес жолаушыға медициналық көмек көрсетілді», - делінген ПД хабарламасында.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері, төтенше жағдай және медицина қызметкерлері жұмыс жасап жатыр. Жол-көлік оқиғасы жол ережесін бұзу салдарынан болуы мүмкін. ​

Қазіргі уақытта ​ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (Көлік құралдарын жүргізуші тұлғалардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы). Тиісті сараптамалар тағайындалды. ​

Оқиғаның мән-жайлары анықталуда.