Жүргізуші мен тағы бір жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді
Қайғылы оқиға Павлодар – Қызылорда автожолының 117 шақырымында болған, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
«Сағат 12.30 шамасында «Хонда» автокөлігінің 35 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, қар жамылғысына кіріп кеткен сәтте бөліп тұратын соққышқа соқтығысқан. Бұдан кейін өзінің қозғалыс траекториясын өзгертіп, жол бойында қар тазалап жатқан «Foton» автокөлігіне соғылған», - дейді облыстық ДП баспасөз қызметінде.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Хонда» автокөлігінің жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші мен тағы бір жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Автокөліктер арнайы айып тұрағына қойылды. Аталмыш фактіге қатысты тексеру жүргізіледі.