21 жастағы қазақстандық бойжеткен Анталияда өлі табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Полиция оны телефон сигналы арқылы іздеп тапқан

21 жастағы қазақстандық Арайлым Орынбаева Анталияда өлі күйінде табылды. Ол жеті ай бұрын жоғалып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy haberler.com басылымына сілтеме жасап.

Бойжеткен ормандағы ағашта асылып тұрған күйінде табылған. Болжам бойынша, бойжеткен өзіне қол жұмсаған. Қазіргі уақытта оның денесі Анталиядағы сот медицина Институтына жеткізілді.

Арайлым Орынбаева жақындарымен сөзге келіп, жеті ай бұрын із-түссіз жоғалып кеткен. Ол үйінен шығып, қайта оралмаған. 

Бойжеткеннің анасы Салтанат Орынбаеваның сөзінше, бірнеше ай бұрын ол Түркияға қызы және екі ұлымен бірге қоныс аударған. Отбасылық жанжалдан соң, 21 жастағы Арайлым не құжатын не ақша алмай үйден шығып кеткен.