Ақтөбеде тұрғын үй өртеніп, бір адам қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Тағы екі адам ауруханаға жеткізілді

Фото: баспасөз қызметінен

Ақтөбеде екі қабатты тұрғын үйден өрт шығып, 36 жастағы ер адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ақтөбе қаласында тұрғын үй өртенді. Оқиға орнынан 48 жастағы әйел және 61 жастағы ер адам медицина ауруханаға жеткізілді. Болжам бойынша олар газдан уланған», - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ өртенген үй ішінен 1984 жылғы ер адамның мүрдесі табылды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.