Ал Чувашияда 1 қаңтар түні тұрғын үй өртеніп, 6 адам, оның ішінде 3 бала қаза тапты
Боснияның құқық қорғау органдары Жаңа жыл мерекесі тойланған түні сегіз адамның денесін тапты. Алдын ала болжам бойынша, жастар газға уланған болуы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Қайғылы оқиға елдің оңтүстік-батысындағы Посушье елдімекенінде болған.
«Бір топ жас Жаңа жыл мерекесін атап өтіп жатқан үйден ешкімнің ұзақ уақыт шықпай қалғанынан күдіктенген көршілері есікті қағады. Алайда ешкім ашпаған соң, терезені бұзып ішке кіреді. Көршілері үйге кірген сәтте сегіз адамның әр жерде қимылсыз жатқанына куә болған», - деп жазады Dnevni avaz басылымы.
Алдын ала болжам бойынша қаза тапқан жас қыздар мен бозбалалардың бәрі – 2001 және 2002 жылы туған жергілікті тұрғындар. Олардың өліміне баллоннан шыққан газ себеп болуы мүмкін деген болжам айтылуда.
Сондай-ақ, Чувашиядағы Урмар аударының Орнара елдімекенінде де 1 қаңтар түні тұрғын үй өртеніп, 6 адам, оның ішінде 3 бала қаза тапты. Аудандық әкімшілік басшысының болжамынша, өрт электр сымдарының тұйықталуынан шыққан. қпазіргі уақытта қылмыстық іс қозғау мәселесі қаралып жатыр.