Өскемен қаласында трамвай адамды басып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Ол оқиға орнында қайтыс болды

Облыс орталығында 30 желтоқсанда шамамен сағат 15:30-да Абай даңғылында орналасқан «Старт» сауда үйінің жанында трамвай адамды басып кетті.

​Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адам белгіленбеген жерден жолдан өтіп бара жатқан. Ол өмірге сәйкес келмейтін жарақаттар алып, оқиға орнында қайтыс болды. ​Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс жүргізуде.

«Жәбірленушінің жеке тұлғасы анықталды, ол 62 жастағы облыс орталығының тұрғыны болып шықты», - деп бөлісті ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.