ШұғылҚазақстанда тағы 658 адамнан коронавирус анықталды

Түркістан облысында мал ұрлығына қатысы бар тұрғын ұсталды

Оңай жолмен ақша тапқысы келген азамат ауылдасының  малын айдап әкеткен

 

Фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысы Жетісай аудандық полиция бөліміне арызданып келген жергілікті тұрғынның айтуынша, көше бойында жайылып жүрген 1-бас тайын белгісіз біреулер жасырын ұрлап кеткен. Алайда өз бетінше іздеуден еш нәтиже шықпаған соң, полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінген. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жәбірленуші азаматқа келтірілген жалпы шығын көлемі 200 000 теңгеге жуық. Тәртіп сақшылары аталған жайтты Жетісай АПБ-нің СДТТБТ-не ҚР ҚК-нің 188-1-бабы «Мал ұрлығы» тіркеп, тергеп-тексеру амалдары басталды.

Осы оқиғаға байланысты Жетісай АПБ КПБ және ЖПҚ УПИ қызметкерлері қылмыс орын алған аумақта сұрастыру, жедел іздестіру іс-шараларын жүргізді. Соның нәтижесінде жинақталған ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке басы анықталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бас шарасы қолхатта.

«Тергеу барысында анықталғандай, кешкі сағат 19:00 шамасында күдікті азамат көше бойында жайылып жүрген тайды көрген. Осы уақытта оңай жолмен ақша табу мақсатында оны жетектеп өз үйіне алып кеткен. Содан соң ірі қара малды Мақтаарал ауданының тұрғынына сатып, ақшасын бас пайдасының қажеттілігіне жұмсаған. Айғақты зат ретінде мақтааралдық тұрғыннан 1 бас тай алынып, заңды иесіне қайтарылды», - делінген хабарламада.