30.12.2020, 11:54
Оқиғалар
Елордада көлікжай өртенді: ішінде автокөліктер бар
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ
Фото: ашық дереккөзден
Нұр-Сұлтанда жер үй маңындағы көлікжайдан өрт шықты. Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің мәліметінше, өртті сөндіруге 60 адам мен 13 техника жұмылдырылған.
30 желтоқсанда сағат 10:42-де Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері Челлюскинцев көшесі, 73 мекенжайы бойынша өртті сөндіруге шықты. Өрт сөндірушілер екі қабатты жеке үйдің маңындағы көлікжай жанып жатқаны анықталды. Шамамен 200 шаршы метр аумақты қамтитын көлікжай ішінде автокөліктер болған.
Өрт сөндірушілердің айтуынша, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт сағат 11:18-де сөндірілді.
Көп оқылған
02.10.2026, 09:26
Бүйректің қатерлі ісігіне қарсы вакцина әзірленді: ол өлім аузында жатқан 9 адамды емдеп шықты
02.10.2026, 16:53
«Сотқа күйеуінен сұранбай келе ме?»: Данияр Кенжеұлы Роза коучты кезекті рет сынға алды