Жаңа жыл мерекесін Алматыда атап өту үшін ата-анасын алдаған маңғыстаулық екі жігіт табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Олар өздерін Алматыда біреулердің мәжбүрлеп ұстап отырғаны туралы әңгіме ойлап тапқан

скриншот: youtube

Ақтаулық екі жас жігіт Алматыға келіп, оларды мәжбүрлеп ұстап отырғандар туралы әңгіме ойлап тапқан. Екеуі де Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының тұрғындары. Олар үйінен 23 желтоқсанда кеткен, содан бері олар іздеуде болған.

«Жігіттердің бірі 17 жаста, екіншісі жақында 18-ге толды. Олар шаһарға туған күнін және келе жатқан Жаңа жыл мерекесін атап өту үшін келген. Біреуінің әпкесі хабарласқанда, оған өздерін Алматыда бейтаныс адамдардың мәжбүрлеп ұстап отырғанын айтқан. Мұндай ақпарат бізге автоматты түрде келіп түсті. Дереу іздестіру тобын құрдық, іздестіру нәтижесінде «жоғалып кеткендер» аман-сау табылды. Олардың жанында бейтаныс адамдар болған жоқ», – деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Екі жігіттің ата-анасының келісімі бойынша, оларды Алматыдағы туыстары үйіне жіберуді мойнына алды. Оларға түсіндіру жұмысы жүргізілді.