29.12.2020, 18:20
Оқиғалар
Шанадағы бойжеткенді көлігімен сүйреген атыраулық жауапқа тартылды
Жүргізушіге 14 мың теңге көлемінде айыппұл салынды
29 желтоқсан күні сағат 01:07-де Атырау қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері Орталық көпір тұсында шананы жалғап сүйреген автокөлікті байқап, жедел түрде патрульдік полиция қызметкерлерін жіберген.
Оқиға орнына барған патрульдік полиция тексеріс кезінде 22 жастағы бойжеткен отырған шананы көлігіне жалғап, ілестіріп жүргізген «Хюндай Туксон» маркалы автокөлігін тоқтатқан. 20 жастағы жүргізушіге қатысты Әкімшілік кодекстің 595-бабы 1-бөлігімен (жол жүрісі қағидасын бұзғаны) әкімшілік хаттама жасақталып, 13890 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Көп оқылған
28.10.2026, 16:15
Тоқаевтың Жолдаудағы сынынан кейін төрт сағат өте алғашқы топ-менеджер жұмысынан айырылды
28.10.2026, 12:26
«Бас-аяғы 77 мың адам»: Тоқаев Жолдауында кімдердің жалақысын 40 пайызға дейін көбейтіп берді
28.10.2026, 13:30
Бір уыс доллар мен айфон 18: әнші Алтынай Жорабаеваның туған күніне күйеуі не сыйлады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды