Тобыл қаласында ер адам газдан уланып көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға 21 желтоқсанда болған

Қостанай облысы Тобыл қаласында 54 жастағы ер адам газдан уланып көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 21 желтоқсанда Тобыл қаласының «Мелиоратор» саяжайында болған.

«Тұрғын жай ішінде 1966 жылы туған ер адам көз жұмды. Куәгерлердің айтуынша, үйден табиғи газдың иісі білінген. Белгілі болғандай ер адам үйде газ баллонын қолданған. Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті кезекті рет азаматтарды газ баллондарын күнделікті өмірде пайдаланудың қарапайым ережелерін сақтауға шақырады. Тұрмыста пайдаланылатын қауіпті метан (қалалық магистральдық газ) және сұйытылған газдарды (баллондарда) қолданғанда сақ болу қажет», - делінген ведомство хабарламасында.