Жол апатынан үш адам ауруханаға түсті
«Омбы-Майқапшағай» тасжолында жол апатынан бір адам қаза тауып, үш адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Көкпекті ауданының маңында болған.
«ҚазАвтоЖолдың» ақпаратына сәйкес, «Lada Granta» көлігі аса жоғары жылдамдықпен келіп, жол бойында тоқтап тұрған «КамАЗ»-ға соғылған. Жеңіл көліктегі жолаушылардың бірі оқиға орнында жан тапсырды.
«Lada Granta» жүргізушісі мен тағы екі жолаушыны Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданындағы орталық аурухананың дәрігерлері алып кетті», – деді «ҚазАвтоЖол» «ҰК» АҚ баспасөз қызметінің өкілдері.