$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.12.2020, 01:50
Оқиғалар

Алматыда соңғы 20 күнде сырғанақтан 373 адам жарақат алған

Бірнеше науқасқа шұғыл операция жасалған

Алматыда соңғы 20 күнде сырғанақтан  373 адам жарақат алған
Фото: ашық дереккөзден

Алматыда соңғы 20 күнде сырғанақтан  373 адам жарақат алған. Олардың басым бөлігі - балалар.  Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше бірнеше  науқасқа шұғыл операция жасалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Қысқы маусымда таудан,  төмпешіктерден сырғанауға барып, жарақат алған балалардың  саны мыңнан асады екен. 

«Жарақат алған балалардың 20-25% травматология және нейрохирургия бөлімдеріне жатқызылады»,- деді Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының  

баспасөз қызметі.  Биыл демалыс орындарының көбі пандемияға байланысты жабық.  Алайда қаланың айналасында сырғанақ алаңдарын рұқсатсыз ашып,  ақша тауып отырған орындар аз емес және оны жергілікті билік қадағаламайды. Сырғанақ орындарынан бизнес жасап жатқан тұлғалар  медициналық көмек пен  қауіпсіздікті қаперге де алмайды.

Серіктес жаңалықтары