Желіде Шамалғандағы иесінің қабірін күзеткен ит қызу талқыланып жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Зират Қарасай ауданындағы Шамалған станциясының жанында орналасқан

Алматы облысында қайтыс болған иесінің қабірін күзетіп жүрген ит әлеуметтік желі қолданушыларының қызу талқысына түсті. Оны бірі «Қазақстандық Хатико» деп атаса, бірі «Ит – нағыз иесіне адал жаратылыс» дегенге саятын пікір қалдыруда.

Мессенджерлерде тараған видеода иттің зират маңын бірнеше күннен бері күзетіп жүргені байқалады, ал құлпытастағы жазуға назар аударсаңыз, 60 жастағы қарияның биыл қазан айында қайтыс болғанын байқайсыз.

Видео авторы қожайынының қабірін күзетіп, иесіне адал болып қалған ит туралы айтады.