22 қараша күні судья Нұрлан Губашев төрағалық еткен Орал қалалық сотында Валерий Петрунинды тұтқынға алу санкциясы қарастырылды
22 қараша күні судья Нұрлан Губашев төрағалық еткен Орал қалалық сотында Валерий Петрунинды тұтқынға алу санкциясы қарастырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Күдікті сот барсында істеген қылмысын тұтастай мойындап, опат болған қыздың отбасына көңіл айтты. Бұған қоса, өзін бас бостандығынан айырмауын өтінді.
«Мен сіздерден менің бас бостандығымнан айырмауларыңызды сұраймын. Менің әйелім жақында Алматыда босанайын деп отыр, оның үстіне ол лейкемияға шалдыққан. Жол апаты орын алған кезде мен әйеліме асығып бара жатқан болатынмын: ол маған қоңырау шалып, жағдайы ауырлап бара жатқанын айтқан еді. Мені бостандыққа шығарыңыздаршы, қолымнан келгенше опат болған қыздың жақындарына көмектесейін», - деді Валерий Петрунин.
Ол ҚР ҚК-нің 345 «Жол ережелерін бұзғаны» және 347 «Жол-көлік оқиғасы болған жерде тастап кеткені» үшін екі айға түрмеге жабылған. Бұған дейін ол ұрлық жасағаны үшін сотталыпты. Сонымен қатар ол біраз уақыт бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған.
«Сіз орта ауырлықтағы қылмыс жасадыңыз. Алайда, жол апаты орын алмай тұрып әкімшілік жазаға тартылып, сол себепті көлік айдау құқығынан айырылғансыз. Сіз қайғылы оқиғаға жол беріп қана қоймай, оқиға орнынан қашып кеттіңіз. Сондықтан сіз қоғамға қауіптісіз», - деп мәлімдеді судья Нұрлан Губашев.
Естеріңізге салай кетейік, бұған дейін Оралда қызды көлікпен қағып өлтіріп, ізін суытып үлгерген жүргізушінің іздестіріліп жатқаны туралы айтылған еді.