Маңғыстауда жанармай бекетінде кезекке тұрудың соңы төбелеске ұласты
Әлеуметтік желіге жүктелген видео Қызылтөбе ауылы маңында түсірілген
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылындағы жанармай және газ құю бекеті жанында болған төбелесті куәгерлер видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, әлеуметтік желіге жүктелген видео 13 желтоқсан күні Қызылтөбе ауылы маңындағы жанар-жағармай құю бекетінде түсірілген екен.
«Тәртіп сақшылары бейнежазбаны тексере келе, төбелеске қатысқандардың жеке тұлғасын анықтады. Олар Мұнайлы ауданының тұрғындары болып шықты. Қоғамдық орында тәртіп бұзушылар полиция бөліміне жеткізілді», - делінген хабарламада.
Тергеп-тексеру жұмыстары барысында анықталғандай, төбелес газ құюға келгендер арасында туындаған екен. Нәтижесінде, жанжалдасушылар бір-біріне еш айып тақпайтынын мәлімдеді.
Аталмыш дерек бойынша ауруханаға түскендер болған жоқ.