Оқиға орнына 9 қызметкер мен 2 техника жұмылдырылды
Павлодарда аулада тұрған автокөлік өртеніп кетті. Өрттің шығуына көліктегі электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған анған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
«17 желтоқсан күні саға 18:06-да А. Шөкин көшесі, 89 мекенжайындағы тұрғын үйдің ауласындағы ашық алаңда Audi-80 В4 автокөлігінің өртеніп жатқаны туралы қоңырау келіп түсті. 1992 шығарылған көлікке газ құралы қосылған. Қозғалтқыш бөлігінде техникалық резеңке жанған. Жалын 2 шаршы метр аумақты шарпыды. Көлікте өрт сөндіру құралы болған», - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметінде.
Өрт сағат 18:20-да толығымен жойылды. Шығын көлемі анықталуда. Оқиға орнына 9 қызметкер мен 2 техника жұмылдырылды.