$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.12.2020, 21:22
Оқиғалар

Түркістан облысында жоғалып кеткен 13 жастағы қыз табылды

Отбасымен ренжісіп қалған жасөспірім мешітте түнеп шыққан

 
Түркістан облысында жоғалып кеткен 13 жастағы қыз табылды

Түркістан облысының полицейлері үйінен шығып кетіп, із-түзсіз жоғалған 13 жасар қызды тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сарыағаш АПБ-не түнгі сағат 23:00 шамасында жергілікті тұрғын арызданып келген. Әйел арызында шамамен кешкі сағат 17:30-да қызы үйінен шығып кетіп, содан хабарсыз кеткенін көрсеткен. Жасөспірімнің анасы өз бетінше іздеуден еш нәтиже шықпаған соң, полиция қызметкерлерінен көмек сұраған.

Полицейлер ақпарат алысымен бірден іздестіру жұмыстарына кірісті. Көрген-білгендерден жауап алып, халық көп шоғырланған аймақтарда сұрастыру жұмыстары жүргізілді. ТО ПД аудандық, қалалық полиция бөлім, басқармаларына бағытнамалар жіберілді. Тәртіп сақшылары жоғалған қызды тез арада табу мақсатында такси жүргізушілерінен, білуі мүмкін деген достарынан сұрастырды.

«Жедел іздеу шаралары нәтижесінде тәулік ішінде қыздың жүрген жері анықталып, ол орталық мешіттің жанынан табылды. Тексеру барысында ағасымен ренжісіп қалған қыздың үйінен шығып кетіп, мешітте түнегені белгілі болды. Қазіргі таңда жасөспірім қыз анасына аман-есен табысталды», - делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлері барлық ата-анаға балаларына үйден үлкендердің рұқсатынсыз шықпау керек екенін үнемі ескертіп, оларды бақылауда ұстауға кеңес береді. Сонымен қатар жасөспірімдердің өтпелі кезеңінде олармен дос ретінде сөйлесуге шақырады.

Серіктес жаңалықтары