Нұр-Сұлтанда ауруханада ұрлық жасаған ер адам ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол жарты миллион теңге тұратын тонды ұрлап, сатып жіберген

Фото: ашық дереккөзден

Елорда полицейлері бағасы жарты миллион теңгені құрайтын тонды ұрлап кетті деген күдікпен Солтүстік Қазақстан облысының 22 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментіне сілтеме жасап.

«Күдікті ұрлаған тонды сауда үйінің дүңгіршіне сатып жіберген. Аталған қылмыстық іс бойынша «ұрлық» бабымен сот алдындағы тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті азамат өз кінәсін мойындады. Ұрланған тон дүңгіршектен алынып, иесіне қайтарылды», - деп жазылған ақпаратта.