07.12.2020, 12:41
Оқиғалар
Атырауда көлік салонын «плацкартқа» айналдырып алған жүргізушілер ұсталды
Автобус арнайы тұраққа қойылды
фото: azh.kz
4 желтоқсанда полиция өкілдері «Береке» ықшам ауданында Атырау – Шымкент бағытында жолға шыққан Van Hool маркалы автобусын тоқтатты. Салонды тексеру кезінде жүргізушілердің автобусты қонақүйге айналдырғаны анықталды. Креслолардың орнына екі қатар орнатылған 28 кереуетте 17 жолаушы жайғасқан. Бұл туралы azh.kz хабарлайды.
Екі жүргізуші де Түркістан облысының тұрғындары. Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оларға қатысты көлік құралдарын пайдалану және жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бұзғаны, сондай-ақ, жүргізушінің еңбек және демалыс режимін бұзғаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Көп оқылған
09.10.2026, 09:40
«Медбикелер есінен танып құлап жатты»: экс-министр Ажар Ғиният 1999 жылы Бейнеудегі обаны қалай тоқтатқанын айтып берді
09.10.2026, 12:58
«Инцест – бұл харам»: екі баласы да аутизмге шалдыққан әйел танымал әзілкешке өткір жауап қайтарды (ВИДЕО)
09.10.2026, 10:14
«Военкоматтан келіп тұрмыз»: Астанада үш ер адам айы-күні жақындаған әйелдің күйеуін алып кетпек болған (ВИДЕО)
09.10.2026, 06:19
Дәрігерлер екі жастағы қыздың асқазанынан 250 магнит алып ашықты