СҚО-да еңбегі сіңген мұғалімді айуандықпен өлтіріп кеткен
Күдікті ретінде 60 жастағы көршісі ұсталды
Солтүстік Қазақстан облысының Большая Малышка ауылында еңбегі сіңген педагогты айуандықпен өлтірген. Зейнеткердің денесі өз үйінен табылды деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.
Надежда Михайлованы тек өз ауылында емес, осы маңайдағы халықтың көбі таниды. Ол сексенінші жылдардан бері мектепте бала оқытумен айналысып келген. Оның қазасы аулдастары мен шәкірттеріне, әріптестеріне ауыр тиді.
«Бұл оқиға бәрімізді шошытты. Ол кісі соғыстың баласы, тағдыры ауыр, бірақ сол сынақтың бәрін жеңіп шыққан адам еді. Енді бейбіт күнде осындай өлімге душар болды», - дейді ауыл мұғалімі Вера Винокурова.
Ұстазды өлтірді деген күдікпен оның көршісі – 60 жастағы ер адам ұсталды. Ол еш жерде жұмыс істемейді, зейнетерге үй шаруасында көмектесіп, жан бағып келген екен. Араларында жанжалдың неден туғаны әзірге белгісіз.