Оқушылар әрекеттерін камераға түсірген
«НеМолчи» қорының басшысы Дина Таңсәрі Facebook желісінде Қарағанды облысында төртінші сынып оқушылары 8 жастағы баланы зорлағанын және камераға түсіргенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Қарағанды облысындағы 8 жастағы ұлдың ата-анасынан тағы бір хабарлама келді. Оның баласын 4-сынып оқушылары зорлаған! Камераға түсірген, порно қарауға мәжбүрлеген, басқа балалардың көзінше, оның ішінде қыздардың алдында сексуалды қатынасқа түсуге мәжбүрлеген! Бұл соңғы 10 күндегі үшінші хабар», - деп жазды Таңсәрі.
Полиция ақпаратты тексеріп жатыр, сараптама тағайындалды. Полиция өкілдерінің айтуынша, зардап шеккен тарап дене жарақаты және зорлау фактін жоққа шығарды.