Павлодарда гараждағы көлікті мініп кеткен тұрғын ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Павлодарда гараждағы көлікті мініп кеткен тұрғын ұсталды. Өтініш берушіге келтірілген залал 300 000 теңгені құрады, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

«2 желтоқсанда полицияға қала тұрғынынан белгісіз адамның көлікжайдан «ГАЗ-3110» маркалы көлігін айдап кеткені  туралы хабарлама келіп түсті. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері күдіктіні ұстады. Ұрланған көлік табылды», - деп жазылған ақпаратта.

Қазіргі уақытта аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция ұрлықтың алдын алу үшін қауіпсіздік жүйесін қосып, барлық есіктер жабық екеніне көз жеткізуге кеңес береді.