04.12.2020, 14:17
Оқиғалар
Ақтөбеде шетел азаматы ірі көлемдегі есірткімен ұсталды
Ұсталған азамат Ақтөбе қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды
25 қарашада Ақтөбе қаласында Mitsubishi Galant маркалы жеке автокөлікті тоқтатып, К. есімді 33 жастағы Өзбекстан азаматынан жалпы салмағы екі келіден асатын «марихуана» тәркіленді.
Уақытша тұрғылықты жері бойынша санкцияланбаған тінту барысында азамат Кирпичный кентінің ауданында жазғы асүйдегі автомобиль шиналарының ішінен скотчпен желімделген бір пакет табылып, тәркіленді. Оның ішінде салмағы сегіз келіден асатын «марихуана» болған.
Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы (есірткі заттарын аса ірі мөлшерде өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Көп оқылған
02.04.2026, 15:48
Екі бала қоршаудан әрі ұшып кеткен: Талдықорғанда жантүршігерлік жол апаты болды (ВИДЕО)
02.04.2026, 13:13
Табысынан шығыны көп қазақстандықтар енді 10 пайыз салық төлеуі мүмкін
02.04.2026, 11:28
Юпитерден энергия алу идеясын ұсынған: қазақстандық оқушылар әлемдік байқауда жеңіске жетті
02.04.2026, 14:58
Павлодарда ер адам досын қорғаймын деп пышақ жарақатынан қаза тапты