$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.12.2020, 11:27
Оқиғалар

Туған әкесі 4 жасар қызын ұрып, зорлаған – «Не молчи»

Көпбалалы ана қызын зорламақ болған күйеуінің үстінен түсті

Туған әкесі 4 жасар қызын ұрып, зорлаған – «Не молчи»
Көрнекі фото: sputniknews.kz

Туған әкесі 4 жасар қызын ұрып, зорлаған. Бұл туралы Facebook желісінде «НеМолчи» қорының жетекшісі Дина Таңсәрі жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Қыздың анасы құқық қорғаушыға алғашқыда сәуір айында жүгінген. Ол 4 жасар қызының денесінде соққы ізін байқап, шошынған. Нәтижесінде кішкентай қыз бұл соққыны әкесінен алғанын айтқан. Сотқа жеткен іс қол көтерген әкеге 30 мың теңге айыппұл салып, аяқталған.

Көпбалалы ерлі-зайыптылар осы оқиғадан кейін екі ай ажырасып, бір-бірінен бөлек тұрған. Алайда, уақыт өте келе татуласып, қыздың анасы жетінші балаға аяғы ауыр болады. Ішімдікке салынған әке балаларына қол тигізбеуге уәде береді. Алайда, қараша айында ұрып-соққаннан да қорқынышты оқиға болды: ол 4 жасар қызын зорлап тастаған.

«Шешілген шалбарымен бөлмеден шығып, ваннаға шомылуға жүгірген. Осы уақытта қыздың анасы маған дереу қоңырау шалып, жағдайды айтты. Мен әкесінің ДНҚ-сын қызының денесінде қалай сақтау, не істеу керек екенін, қандай тергеу әрекеттері күтетінін тез түсіндіре бастадым, ал ол кезде полиция олардың үйіне қарай жедел шыққан еді. Менің құлағымда оның дауысы мен сөзі қалып қойды: «Ол туған әкесі ғой, туған әкесі ғой, Дина» деген. Мен қатты күйзелдім», - деп жазды Дина Таңсәрі.

Сот ер адамды 2 айға қамауға алды, содан кейін қыз әкесіне қатысты қорқынышты жағдайларды айта бастады.

«Оқиға қалай болғанын айтты, мен оны тыңдап отырып, оның күйеуінің кәдуілгі педофил екенін түсіндім. Әкесінің немесе өгей әкенің балаларды ұрған оқиғаларын естіген сайын, жыныстық зорлық-зомбылық немесе баланы азғыру болды ма деп қорқамын. Ол бізге шағымданған жәбірленушілер сияқты таныс сөздерді айтты. «Мен бұрын-соңды деректі фильмдерде көрген оқиғаларды ешқашан өз басымда болады деп ойламадым, ешқашан» дейді... Әкесі түрмеге жабылғаннан кейін, қызы анасына әкесі екеуінің арасында болған «құпия әрекеттер» жайлы айта бастаған. Зорлық оқиғасы бірнеше рет болған. Оны басқаларға қарағанда жиі ұрған, «әйелі» ретінде қараған... Сол күні мас болып келген әке үйде балалар көп болғанына қарамастан, қызын жатын бөлмесіне алып кетіп, ұлына ұйықтауға баратынын айтып, бөлмеге кіруге тыйым салған. Анасы сәбиін қарап жатқанда, әкесі жатын бөлмесінде 4 жасар қызын зорламақ болған. Сонда баласы келіп, «Әкем қарындасымды жатын бөлмеге алып кетті, кіруге тыйым салды» деп айтқанда, әйелдің төбесінен жай түскендей болады. Ол баса-көктеп жатын бөлмеге кіріп, жарықты жаққан...», - деді құқық қорғаушы.

Қазір психологтар қыз бен анасына көмек көрсетіп жатыр. Отбасы тек жәрдемақымен күн көріп жүр.

«Өмір бір сәтте осылай өзгереді... ол қазір қиын жағдайға тап болды, күйеуінің туыстары ақша ұсынып, кешіруін сұрап жатыр. Олар тек жәрдемақымен күн көреді, бұл ақша ештеңеге жетпейді, мемлекет мұндай жағдайда көмек көрсетпейді. Көмектесе алатын психологтар барына рахмет. Мен аналардың бұл жағдайға назар аударғанын, сабақ алғанын, тіпті туған әкесі баласына қатысты қылмысқа қабілетті екенін білгенін қалаймын. Мен бұл отбасын қолдағым келеді және көмектескім келеді, тәуелсіз психологиялық сараптамаға ақша керек. Қанша құрметпен қарауға тырыссам да, сотқа сенімсіздік бар, әдеттегідей, оларға дәлелдер аз болуы мүмкін. Сондықтан біз сақтанғымыз келеді», - делінген хабарламада.

Отбасына көмектескісі келетіндер 8707 300 31 18 телефон нөміріне тіркелген банк (Kaspi) картасына ақша жібере алады.

Серіктес жаңалықтары