Ұсталғандардың бәрі Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды
Өткен аптаның демалыс күндері Жамбыл облысының Полиция департаментінің полиция қызметкерлері іздеуде жүрген 6 қылмыскерді ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шаралары барысында ұрлық, алаяқтық, қорлау, есірткі заттарын медициналық емес тұтыну және басқа да түрлі қылмыс жасаған 6 азамат ұсталды», - делінген ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Мәселен, сотталғандарда қатысты пробациялық бақылауды бұзғаны үшін Жамбыл облысының аумағында Алматы қаласының 30 және 40 жастағы 2 тұрғыны ұсталды.
Ұсталғандардың барлығы Тараз қаласының УҰИ-ге қамаққа алынды.