Шымкентте 300 адамға той жасағандар анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Мониторингтік топ өкілдері келгенде ғимараттың есігі жабық тұрған

Фото: polisia.kz

Шымкентте тойхана есігін жауып, 300 адамға жиын ұйымдастырғандар анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Шымкентте демалыс күндері той-жиын ұйымдастырғандар анықталды. Шымкент қаласы Жиделі Байсын көшесінің бойында орналасқан «Гранд Сұлтан» тойханасының үш бірдей залында той-жиын ұйымдастырылғаны белгілі болды. Мобильді топ өкілдері келгенде ғимараттың есігі жабық тұрған. Алайда бұл кезде нысанның үш бірдей үлкен залында дүбірлі той болып жатқан музыканың дауысы шығып тұрған еді», - деп жазылған хабарламада.

Құзырлы орган қызметкерлері ақыры тойхана есігін ашып, қонақтарды тарқатты. Ал, карантин талаптарын өрескел бұзған тойхана иесінен түсініктеме алынды.