Марадонаның қазасына дәрігер кінәлі – БАҚ

Автор: Azattyq Rýhy

Танымал футболшы 60 жасында көз жұмды 

Фото: Twitter

Диего Марадонаның дәрігері Леопольд Лук футболшыны өлтірді деп айыпталуда. Бұл туралы аргентиналық Telam агенттігі жазады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Р-спортқа» сілтеме жасап.

Дәрігердің үйінде және клиникада тінту жүргізіліп, Марадона ауруының тарихымен байланысты құжаттар тәркіленді.

Тергеу немқұрайлылыққа және науқасқа тиісті назар аудармауға қатысты.

Сондай-ақ, тергеу футболшының медбикесі Даяна Гисела Мадридке қатысты жүргізілуде, ол таңертеңгі сағат 07:30-да Марадона бөлмесінен шыққан дыбыстарды естіген. Медбике футболшыны тексерді ме, оған қажетті дәрі-дәрмектерді берді ме, тергеу осы сұрақтарға жауап іздейді. 

Еске салайық, Марадона 25 қарашада қайтыс болды, ол 60 жаста еді. Аргентинада үш күндік жалпыұлттық аза тұту жарияланды. ХХ ғасырдың ең үздік футболшыларының бірі Буэнос-Айрестің маңындағы ата-анасының қасында, Хардин Белла Виста жеке зиратында жерленді.

Сымбат Ғалымжан, Нұр-Сұлтан