Полицейлер әйелді құтқарып қалды
Қостанай ауданында суицид жасауға оқталған әйел құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қостанай ауданында тұратын 33 жастағы әйел гараж ішінде тұншықтырғыш газдан уланып өлмек болған. Бұл туралы оның Қостанай қаласында тұратын анасы облыстық ПД жедел басқару орталығына хабарлаған», - делінген ведомство хабарламасында.
Полиция қызметкерлері терезені сындырып, газға уланғысы келген қызды сыртқа шығарды. Қызының мұндай қадамға анасымен ұрысқаннан кейін барғаны анықталды.