$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.11.2020, 01:25
Оқиғалар

Алматыда танысу сайты арқылы клиент тапқан жезөкшелер притоны анықталды

Сонымен қатар массаж салонының атын жамылып, жезөкшелікпен айналысуға мүмкіндік жасаған екі пәтер әшкереленді

Алматыда танысу сайты арқылы клиент тапқан жезөкшелер притоны анықталды
Фото: баспасөз қызметінен

Криминалдық полиция қызметкерлері «Друг Вокруг» сайты арқылы интим қызмет көрсетумен айналысқан жезөкшелер притонын анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жеңіл жүрісті қыздар өз клиенттеріне жалдамалы пәтерлерде ақылы жыныстық қызметтер көрсеткен. Өткен түнде полиция қызметкерлері осындай үш притонды анықтап, оның біреуінде Өзбекстан елінің 31 жастағы азаматшасы қызмет көрсеткені белгілі болды. Ал пәтер қожайындары жезөкшелерге мүмкіндік жасағандары  үшін жауапқа тартылды», - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар массаж салонының атын жамылып, жезөкшелікпен айналысуға мүмкіндік жасаған екі пәтер әшкереленді. Аталған пәтерлерден бес жеңіл жүрісті бес қыз бен бір жеңгетай ұсталды.

Серіктес жаңалықтары