Шымкентте ер адамды аса айуандықпен өлтірген күдікті ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Марқұмды бауыздап кеткен

Ер адамның мәйітін «Қайнар-бұлақ» саяжай алабының тұрғындары бұталардың арасынан 8 қараша күні тауып алған, деп хабарлады Otyrar.kz.

Полицейлер күдіктіні сол күні бірнеше сағаттан кейін-ақ ұстағанын айтып отыр. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында тергеліп жатыр.

«Мәйіт табылған сәтте-ақ полицейлер келіп, оқиға орнын қоршап тастады, фотоға және видеоға түсірді. Марқұмды танитынмын, Витя дейтін бәрі. Ол кейде алкоголь ішетін, басқа ақпарат білмеймін. Бідің ауданымыз тыныш, соңғы 20 жылда бірде-бір адам маған тиіскен емес», - дейді «Қайнар-бұлақ» тұрғыны Қорғанбай Досметов.

Тәртіп сақшылары қылмыстың мән-жайын толық ашып айтпады. Тек, күдіктінің 19 жастағы бозбала екені белгілі. Ал қайтыс болған ер адам 1967 жылы туған.