Ол 1,5 ай іздеуде болды
Қарағандыда бұрынғы сүйіктісіне 20 жерден пышақ салып, оқиға орнынан жасырынып, бір жарым ай бойы іздеуде болған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«23 қарашада жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлерімен ұсталып, уақытша оқшаулау орталығына қамауға алынды», - деп жазылған хабарламада.
Еске сала кетейік, 10 қазан күні Қарағандының медициналық мекемелерінің біріне пышақ жарақатын алған 28 жастағы әйел жеткізілді. Тергеу барысында полиция 23 жастағы ер адамды күдікті ретінде анықтап, іздеу жарияланған болатын. Жарақаттанған қыз 10 күннен кейін ауруханадан шығарылды.