Берлинде COVID-19 вирусына сенбейтіндер тағы да демонстрацияға шықты

Автор: Azattyq Rýhy

Олар саясаткерлерден барлық карантиндік шектеулерді алып тастауды талап етті

Фото: ашық дереккөзден

Берлинде COVID-19 вирусына сенбейтіндер тағы да демонстрацияға шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Олар жаңа вирустың қауіптілігіне сенбейді және саясаткерлерден барлық карантиндік шектеулерді алып тастауды талап етті.

Коронавирусты мойындамайтындар шеруіне мыңға жуық адам шықты. Наразылық акциясы басылар емес. Келесі жолы олар неміс парламенті ғимаратының жанында жаңа акция жасауды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, Германияда 2 қарашадан бастап айдың соңына дейін локдаун режимі енгізілген.