23.11.2020, 10:54
Оқиғалар
Павлодар облысында елік атқан екеу қашып үлгерді
Олардың Аққулы ауданының тұрғындары екені анықталды
фото: pavlodarnews.kz
Павлодар облысында елік атқан браконьерлер ұсталды. Олар Аққулы ауданында қолға түсті. Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлайды.
Павлодар орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің басшысы Аждар Жүсіповтың айтуынша, бүгін түнде орманшылар Аққулы ауданының полиция қызметкерлерімен бірге үш браконьерді ұстаған. Тәртіп бұзушылар Жамбыл ауылдық округінің маңында қолға түсті. Олардан «Орал» мотоциклі, мылтық және атылған еліктің ұшасы табылды.
«Екі браконьер қашып үлгерді, қазір олардың жеке тұлғалары анықталуда, олардың бәрі Аққулы ауданы ауылдарының тұрғындары екені анықталды», - деп атап өтті Аждар Жүсіпов.
Аң аулау құралдары мен заңсыз олжалар алынды, тексеру жүргізілуде.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды