Елордада пойыз вагоны өртенді

Шынжыр табанды трактордың кабинасы да жанып кеткен

19 қарашада таңғы сағат 03:11-де Нұр-Сұлтан қаласы Кемеңгерұлы 9/8 көшесінде орналасқан  қалпына келтіру пойызы вагонында өрт шыққаны жайлы хабарлама келіп түскен. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызмеі хабарлады.

«Құрамында 15 адам және 3 техникасы бар елордалық өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жеткен. № 50 теміржолда тұрған резервтік вагонда шыққан өрт 50 шаршы метрді шарпыған. Жалынның әсерінен көрші жолдағы вагон арбаларын орналастыруға арналған платформада тұрған шынжыр табанды трактордың кабинасы да жанып кеткен», - деді ведомствоның ресми өкілі Талғат Уәли.

Өрт сағат 04:22-де сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.